12.05.2010, 10:22 1522

Алматыда "ЕҚЫҰ еуразиялық өлшемі" екінші Трансазиялық парламенттік форумы өтеді

Алматыда "ЕҚЫҰ еуразиялық өлшемі" екінші Трансазиялық парламенттік форумы өтеді

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 14-15 мамыр аралығында "ЕҚЫҰ еуразиялық өлшемі" екінші Трансазиялық парламенттік форумы өтеді. Бұл туралы Астанада кеше өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталған форум біздің ЕҚЫҰ төрағалығымыз барысындағы осы жылғы Қазақстанда өткізіліп отырған бірінші ірі шара. Форумда тек ЕҚЫҰ елдерінің парламент мүшелері ғана емес, сонымен қатар Жерорта теңізі мен Азияның ЕҚЫҰ әріптес мемлекеттерінің, Пәкістанның парламент мүшелері және дипломатиялық корпус, ЕҚЫҰ институттарының және түрлі парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған шараға ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың басшылығымен ҚР СІМ делегациясы да қатысады.

Форумның күн тәртібі бойынша Ауғаныстандағы жағдай, терроризммен күресу, наркотрафик, қарусыздану, экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек миграциясы, экологиялық мәселелер, діни ұстанымдылық, саяси даму, адам саудасымен күрес және гендерлік теңдік секілді мәселелер қарастырылмақ.

Сонымен қатар, Форум шеңберінде Қырғызстандағы жағдайға арналған арнайы сессия өткізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны