23.05.2007, 16:54 3128

Алматыда ЭСКАТО 63-ші сессиясы аяқталды

АЛМАТЫ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-ші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен форумның Орталық Азия мен жалпы аймақтың бір-біріне берері төңірегіндегі түсініктің айтарлықтай кеңеюіне септігін тигізгеніне сенемін",- деп мәлім етті отырысқа қатысушыларға арнап сөйлеген қорытынды сөзінде БҰҰ бас хатшысының орынбасары - ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су.

Ким Хак Су сондай-ақ комиссиядан кететіндігін хабарлады. "Мен жеті жылға созылған жұмыстан кейін осы қызметтің маған ЭСКАТО-ға мүше елдерге пайда әкелу мүмкіндігін бергенін өзіме деген үлкен құрмет деп санаймын",- деді ол. "Өзім комиссияның атқарушы хатшысы ретінде жүзеге асыруға атсалысқан реформалардың бағдарламасы елеулі дивидендтер әкелді деген үміттемін",- деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 64- сессиясы 2008-жылдың көктемінде Бангкокте өтеді және "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму" тақырыбына арналады.

"Мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 64-ші сессияның басты тақырыбы ретінде "инновациялар мен бәсекелестік қабілеттілік" элементтерін қоса "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму" тақырыбын бекіту туралы шешімді құптаймын",- деп қорытындылады Ким Хак Су.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны