25.09.2009, 13:35 3272

Алматыда ЕурАзЭҚ форумына қатысушылар Кедендік одақ кодексінің жобасын келісті

Алматыда ЕурАзЭҚ форумына қатысушылар Кедендік одақ кодексінің жобасын келісті

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда ЕурАзЭҚ форумына қатысушылар Кедендік одақтың кодексінің жобасын келісті. Бұл туралы ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұров журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін біз 27 қарашада мемлекет басшыларының, 11 желтоқсанда үкімет басшыларының отырысына шығарылатын барлық мәселелерді түпкілікті қарадық", - деді Т. Мансұров.

"Басты үш мәселе бар: бұл Кедендік кодекс - ол іс жүзінде келісілді; біртұтас кедендік тариф, бұл 11 мыңнан астам тауар номенклатурасына қатысты мәселе және Ресей- Қазақстан және Қазақстан -Беларусь шекараларынан біртіндеп "кетуге" тиіс кедендік бекеттердің мәселесі", - деді бас хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны