21.09.2009, 16:10 2624

Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46 -шы және Кедендік одақ комиссиясының 8-ші отырысы өтеді

Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46 -шы және Кедендік одақ комиссиясының 8-ші отырысы өтеді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46 -шы және Кедендік одақ комиссиясының 8-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматыда 25 қыркүйекте ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46 -шы және Кедендік одақ комиссиясының 8-отырысы өтеді. Қазақстан жағынан премьер- министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев қатысады",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 46-шы отырысы барысында Еуразиялық экономикалық қауымдастығы шеңберінде Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік құру мәселелері талқыланбақ.

"Ал, Кедендік одақ комиссиясының отырысы барысында тараптар Кедендік одақ құру, Қазақстан, Ресей және Беларусьтің ДСҰ-ға енуі процесстері шеңберінде ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік мәселелерін қарастырады деп күтілуде",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны