25.01.2007, 18:33 3141

Алматыда ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті отырысы өтеді

АЛМАТЫ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда 30-қаңтарда ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті қырық үшінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ЕурАзЭҚ-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталмыш іс-шара аясында қоғамдастық елдері арасындағы интеграциялық ықпалдастыққа қатысты көптеген мәселелер қарастырылмақ",- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтсақ, отырыстың күнтізбесінде "ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын құру тұжырымдамасының, Орталық Азия өңіріндегі су энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану тұжырымдамасының және де біртұтас транспорттық кеңістік құру тұжырымдамасының жобаларын талқылау мәселелері" қамтылған.

Сондай-ақ, отырыста ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің кеден одағының құқықтық базасын құруға қажетті құжаттарды дайындау мәселелері де қарастырылады.

Бұрындары ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті мен Қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы аясында қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысын талқылау да жоспарлануда. "ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Илеуметтік саясат жөніндегі кеңес 2005-2006 жылдары жасаған жұмыстары бойынша өз есебін береді",- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамындағы өзгерістерді және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

ЕурАзЭҚ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері кіреді. Армения, Молдова және Украина ЕурАзЭҚ-тың жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны