03.06.2008, 18:16 3152

Алматыда халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Алматыда халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 6 маусымда "Атом-Антитеррор - 2008" атты халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Алматыда 6 маусымда "Атом-Антитеррор - 2008" атты халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Оны өткізу жөніндегі бастаманы Қазақстан жағы 2007 жылдың маусым айында өткен Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастаманың үшінші отырысы барысында көтерген", -деді Е. Ашықбаев.

Ол 71 ел мүше болып табылатын Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастаманы Ресей мен АҚШ президенттері 2006 жылдың шілде айында ұсынғанын еске салды. Ондағы мақсат - халықаралық көп деңгейлі қорғаныс жүйесін құру және халықаралық қоғамдастықтың ядролық қарудың лаңкестер қолына түсуінің алдын алудағы ықпалдастығын күшейту.

Қазақстан алғашқылардың бірі болып бұл бастамаға бірігу арқылы Австралия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция және Жапониямен бірге бірінші серіктестер қатарына қосылды. Қазақстан Рабат (Марокко) және Анкарада (Түркия) өткен алғашқы екі кездесуге белсене атсалысты. Ал үшінші кездесу 2007 жылдың 11-12 маусымында Астанада өтті.

""Атом-Антитеррор-2008" оқу-жаттығулары еліміздің Ғаламдық бастаманы жүзеге асыруға, ядролық лаңкестікке қарсы күреске халықаралық қоғамдастық тарапынан жұмсалып оытрған күш-жігерге қосқан елеулі үлесі болмақ", - деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны