06.03.2007, 18:09 3432

Алматыда Қара және Каспий теңізі аймағындағы кәсірорындар конфедерациясы одағының 1-ші басқару кеңесі өтті

АЛМАТЫ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда Қара және Каспий теңізі аймағындағы кәсірорындар конфедерациясы одағының 1-ші басқару кеңесі (UBCCE) өтті. Одақ 12 елдің өкілдерінен құралған, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

UBCCE бас хатшысы Мұрат Зонгурдың айтуынша, жаңа одақтың негізгі стратегиялық мақсаты - Қара және Каспий теңізі аймағында бизнестің үніне айналуға саяды. "Қатысушы елдерден құралған топ қазіргі күн санап түрленген әлемде тұрақты салмаққа ие болмақ. Өткені, бұл елдер шығыс пен батыстың шектесетін жерінде, стратегиялық аймақта орналасқан. Ғаламдық тепе-теңдікке қатер төнген қазіргі жағдайда стратегиялық маңызы арта түскен Қара және Каспий теңізі аймағы әлем үшін өзекті өңірге айналды", деп санайды М.Зонгур.

Қара және Каспий теңізі аймағындағы кәсірорындар конфедерациясы одағының 1-ші басқару кеңесі іс жүзінде 2006-жылғы жазда құрылған UBCCE-ні заңдастырды. Қара және Каспий теңізі аймағының бизнес-құрылымдарының өкілдерін біріктірген бұл ұйым өзара интеграциялану және үлкен әлеуеті бар біртұтас экономикалық кеңістік құру мәселелерімен айналысады.

Кеңесті ұйымдастыруға Қазақстан жағынан Қазақстанның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы мен "KazEnergy" қауымдастығы атсалысты. Бас қосуға республика үкіметінің, мұнайгаз және мұнайхимиясы саласы, зерттеу институттары мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Жаңа экономикалық альянстың құрамына Албания, Изербайжан, Босния және Герцеговина, Болгария, Грузия, Греция, Иран, Қазақстан, Македония, Румыния, Сербия және Түркия өкілдері кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны