28.08.2006, 14:01 2875

Алматыда Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі екі елдің үкіметтік өкілдерінің отырысы өтеді

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. 28-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында Алматыда мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстан және Қырғызстан елдерінің үкіметтік өкілдерінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, келіссөздерге қатысатын Қазақстан жағы өкілдерін мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстанның үкіметтік делегациясының жетекшісі, СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Вячеслав Гиззатов басқарады.

"Кездесу барысында екі ел арасындағы шекараның делимитациялық картасының альбомдары келісіліп бекітіліп, алдын-ала қол қойылады ",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны