19.06.2008, 13:14 1354

Алматыда Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өту мәселесі бойынша сессия өтті

Алматыда Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өту мәселесі бойынша сессия өтті

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өту мәселесі бойынша сессия өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Еуропалық Комиссияның Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша екі жақты келіссөздер сессиясы 17-18 маусымда Алматыда өтті".

"Бұл келіссөздер алғаш рет Қазақстан жағында өтті. Бұл ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке өтуіне қандай маңыз беретіндігінің айғағы", -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова мен Еуропалық Комиссияның ДСҰ мәселелері жөніндегі директоры Сигне Ратсо келіссөздер барысында айрықша өзекті мәселелерді, соның ішінде, Қазақстанның экспорт пен импорттық кедендік баж салықтары, Қазақстанның қызмет көрсету нарығына, атап айтсақ, телекоммуникациялық және қаржы секторларына қол жеткізу мүмкіндігі талқыланды. Импорттық баж салығы мен басқа да бірқатар мәселелер бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны