Алматыда Қытай Халық Республикасының бас консулдығы ашылды
Астана. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Алматыда бүгін Қытай Халық Республикасының бас консулдығы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 желтоқсанда ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Алматыда бас консул Сунь Лицзенің шақыруымен Қытай Халық Республикасының бас консулдығының ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Осы шараға қатысу аясында Р. Жошыбаев ашылу рәсіміне әдейі келген ҚХР СІМ-нің орынбасары Ли Хуэймен екі жақты кездесу өткізді.
Дипломаттар екі жақты Қазақстан -Қытай ынтымақтастығының келешегі бар бағыттары мен ағымдағы мәселелерін, соның ішінде 2009 жылға межеленген жоғары деңгейдегі сапарлар жайлы талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті