15.12.2009, 12:13 1932

Алматыда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтеді

Алматыда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтеді

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 19-20 желтоқсанда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Бұл туралы Астанада кеше өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кездесу барысында қазіргі заманғы қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру және өңірлік өзара әрекет етудің өзекті мәселері оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберінде Кедендік одақ құру процессі бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр",- деді ол.

Атап айтқанда, ЕурАзЭҚ бағыты бойынша мәселелерді талқылау шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарының жобасын әзірлеу барысы туралы Кедендік одақ комиссиясы мүшелерінің баяндамасын тыңдау болжанып отыр. Одан басқа, мемлекет басшылары 2010 жылы болатын ЕурАзЭҚ-те Қазақстан Республикасының төрағалығы мен Қауымдастықтың мерейтойын ескере отырып, кедендік одақты құру және өңірдегі экономикалық интеграцияның перспективалары жөнінде пікір алмасады

ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағындағы ахуал, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы пікір алмасу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны