16.03.2007, 10:12 2600

Алматыда ТМД-ға мүше-елдердің гуманитарлық ықпалдастық жөніндегі кеңесінің ұйымдастыру мәжілісі өтеді

МИНСК. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда ТМД-ға мүше-елдердің гуманитарлық ықпалдастық жөніндегі кеңесінің ұйымдастыру мәжілісі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

Отырыста ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекет басшыларының гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілдерінің 2006-жылдың 23-желтоқсанында Ереванда өткен кеңесі шешімдерінің орындалуы, кеңес іс-қызметін ұйымдастыру мәселелері (төрағасы, оның жұмыс тәртібінің жобасы, кеңестің 2007-2008-жылғы жұмыстары туралы), сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру, оның ЮНЕСКО және басқа да ұйымдармен ынтымақтастығы тәрізді мәселелер қаралады.

2005-жылдың 8-мамырында Ресей Федерациясының бастамасымен Достастық мемлекет басшыларының Мәскеуде өткен бейресми саммитінде ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі декларация қабылданған болатын.

2005-жылдың тамыз айында осы декларацияны дамыту үшін Қазанда өткен саммитте он бір мемлекет башысы ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімнің 10-бабына сәйкес ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі кеңес құру қарастырылған.

2006-жылдың 28-ші қарашасында Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қабылдаған ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі кеңесі туралы келісімге Изербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,Тәжікстан және Өзбекстан Республикалары қол қойған. Сондай-ақ, 2006-жылы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отыысында 25-мамырда Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық қорын құру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны