11.09.2006, 16:51 4083

Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясының құрылтай сьездері өтті

АЛМАТЫ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Өткен жексінбі күні, 10-қыркүйекте Алматыда екі құрылтай сьез өтіп, онда Қазақстанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясын құру жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алға" партиясының саяси кеңесі төралқасының төрағасы болып сайланған Асылбек Қожахметовтың бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, сьезге 1300-ден астам адам қатысқан. Сьезге қатысушылар барлық жарғылық және бағдарламалық құжаттарды қабылдап, партияның нышан-белгісін бекіткен. Сонымен бірге басқарушы орган сайланды. Сьезд аяқталғаннан кейін партиялық пікірталас өтіп, оған республика аймақтарынан келген партия мүшелері қатысты.

Сол күні жаңадан құрылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның да құрылтай сьезі өтті. Оған 2600 адам қатысты. Сьезде партияның саяси кеңесі мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы сайланды. Партияны Жармахан Тұяқбай басқаратын болды. Сонымен бірге сьезд барысында жаңа бірлестіктің жарғысы мен бағдарламасы бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны