25.05.2010, 10:23 2324

Алматыда жеңіл атқыш қарудың заңсыз айналымы мәселелері бойынша аймақтық семинар өтеді

Алматыда жеңіл атқыш қарудың заңсыз айналымы мәселелері бойынша аймақтық семинар өтеді

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 24 және 25 мамырда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен "SaferWorld" халықаралық үкіметтік емес ұйымы бірлесе ұйымдастаратын жеңіл атқыш қарудың заңсыз айналымы мәселелері бойынша аймақтық семинар өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс шараның негізгі мақсаты Орталық Азия елдері мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы секілді халықаралық бірлестіктердің тәжірибесіне сүйене отырып жеңіл атқыш қарудың бақылаусыз таралу қаупін төмендету мақсатында аймақтық әрекеттестік пен ақпарат алмасуға жаңа серпін беру болып табылады.

Семинар жұмысына Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Еуроодақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану жөніндегі кеңсесі мен Ашхабадтағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны