15.02.2011, 10:50 4585

Алматылық кәсіпкер ҚР президенттігіне үміткер ретінде ОСК өтініш берді

Өзін өз ұсынып отырған Қанат Төрегелдинов ҚР президенттігіне үміткер ретінде ОСК өтініш берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Өзін өз ұсынып отырған Қанат Төрегелдинов ҚР президенттігіне үміткер ретінде ОСК өтініш берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

7kun.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясына тағы бір Президенттіктен үміткер тіркелген.

Бұл жолғы үміткер Қанат Төрегелдиев есімді Алматы қаласының тұрғыны. 1962 жылы туған. Ол "Нұр Ислам" туристік фирмасын басқаратын кәсіпкер.

Қ. Төрегелдиновтың айтуынша, ол егер жеңіске қол жете қалған жағдайда ең алдымен халықтың несиелерін жабуға көмектеседі. "Мен ең алдымен қазақстандықтардың несиелерін жауып, адамдарға көмектесем. Базарларда домаларақ шарларды айналдырып, адамдарды алдайды ғой. Несиелік жүйе де дәл осылай. Осы үшін қаншама адам қиналып жүр",- деді үміткер.

Сөйтіп, бүгінгі күнде Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігінен үміткер алты кандидатты тіркеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны