28.08.2012, 18:52 2974

"Алтынкөл-Қорғас" жаңа теміржол өткелі ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі

Бұл туралы сейсенбі күні Бейжіңде ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаевпен өткен кездесу барысында ҚХР теміржол жолдары министрінің орынбасары Лу Чуньфан мәлімдеді.

Алматы. 28-тамыз. Kazakhstan Today - "Алтынкөл-Қорғас" жаңа теміржол өткелі ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сейсенбі күні Бейжіңде ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаевпен өткен кездесу барысында ҚХР теміржол жолдары министрінің орынбасары Лу Чуньфан мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар теміржол саласындағы Қазақ-қытай ықпалдастығының жағдай мен болашағын, соның ішінде нормативті базаны нығайту, тараптардың қадағалаушылық өзара әрекеттестігі және өзге де бірқатар мәселелерді талқылады.

Н.Ермекбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың маусым айында Қытайға жасаған сапарының барысында ҚХР-ның Төрағасы Ху Цзиньтаомен 2012 жылдың аяғына дейін "Алтынкөл-Қорғас" шекаралық жаңа теміржол өткелін пайдалануға енгізу туралы қол жеткізген келісімін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, шілдеде Қазақстан Елшісі ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округіне жасаған жұмыс сапарының барысында "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының Халықаралық орталығының қазақстандық және қытайлық бөліктерін қарап шығып, сондай-ақ "Алтынкөл-Қорғас" теміржол өткелінің қытайлық бөлігінің құрылысымен танысып өтті.

"Жетіген-Қорғас" жаңа теміржол желісі және Қытаймен "Алтынкөл-Қорғас" жаңа теміржол өткелі, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік магистралімен бірге - "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық зонасының маңызды бөлігі. Болжам бойынша, бұл өткелдің өткізу мүмкіндігі 2025 жылға қарай жылына 30 млн. тонна жүкті құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны