16.10.2012, 10:54 3316

Американдық-қазақстандық-ресейлік "ДЕГЕЛЕҢ" жобасының ресми жабылу рәсімі өтеді

"17-18 қазан аралығында Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік "ДЕГЕЛЕҢ" жобасының ресми жабылу рәсімі болып өтетінін хабарлаймыз. Жалпы, біз үшжақты "Дегелең" жобасының табысты аяқталуын ортақ ынтымақтастықтың жемісі деп танимыз", - деп мәлім етті ресми өкіл.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік "ДЕГЕЛЕҢ" жобасының ресми жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"17-18 қазан аралығында Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік "ДЕГЕЛЕҢ" жобасының ресми жабылу рәсімі болып өтетінін хабарлаймыз. Жалпы, біз үшжақты "Дегелең" жобасының табысты аяқталуын ортақ ынтымақтастықтың жемісі деп танимыз", - деп мәлім етті ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдан 2000 жылға дейін Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымын жою жұмыстары екіжақты негізде (ҚР-АҚШ) атқарылып келді. Ал 2000 жылдан бастап жұмыстар үшжақты негізді жүргізілуде (Қазақстан-Ресей-АҚШ).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны