06.03.2012, 09:58 2601

Американың Иділет министрлігі АҚШ азаматтарын өлтіруге құрсат берді

АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдер тарихта тұңғыш рет шетелде жүрген Америка Құрама Штаттарының азаматтары ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайда мемлекет олардың көзін жоюға құқылы екенін мәлім етті.

Вашингтон. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Американың Иділет министрлігі АҚШ азаматтарын өлтіруге құрсат берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдер тарихта тұңғыш рет шетелде жүрген Америка Құрама Штаттарының азаматтары ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайда мемлекет олардың көзін жоюға құқылы екенін мәлім етті.

РБК-ның "Би-би-си"-ге сілтеме жасап хабарлағанындай, осылайша Холдер өткен жылдың қыркүйегінде "Ил-Кайеданың" белсенді мүшесі Анвар әл-Аулакидің - АҚШ азаматының көзін жою әрекеті заңға қайшы деп жар салған құқық қорғаушылардың шағымына жауап қайтарды. Бас прокурордың айтуына қарағанда, ел соғысуға дайын тұр, сондықтан осыған ұқсас әрекеттерге соттың арнайы рұқсаты қажет емес.

Чикагодағы заң мектебінде сөз сөйлеген кезінде Холдер АҚШ азаматына қатысты күш қолдану ол "Ил-Кайеда" немесе басқа да осыған ұқсас ұйымдардың басшыларының біріне айналған жағдайда ғана жүзеге асатынын ескеріп өтті. Сондай-ақ сол сәтте оны тірідей тұтқындау қажеттілігі туындамауы тиіс.

"Мұндай азаматтар отанына қарсы қару көтеріп немесе АҚШ азаматын өлтіру мақсатында "Ил-Кайедамен" ымыраға келетін болсап, оларға қарсы қолданылатын жауап жалғыз. Біз Конституцияға толық сәйкестікте оларды тоқтату үшін барын жасауға міндеттіміз. Қауіп төнген сәтте олардың адам өміріне қауіпті жоспарын жүзеге асыруына жол бермес үшін күтіп тұруға уақытымыз жоқ. Және біз күтпейміз де", - деп мәлімдеді Э.Холдер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны