08.06.2009, 16:00 3379

Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше өкілі Қазақстанға келмекші

Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше өкілі Қазақстанға келмекші

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 8-9 маусым аралығында Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сауда және сыртқы экономикалық қатынастар жөніндегі министрінің ерекше өкілі және елші Эдуардо А.Садоустың Қазақстанға іс-сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, іссапар барысында аргентиналық дипломаттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің және Энергетика және минералды ресурстар министрлігі басшыларымен кездесулері өтеді. Кездесулер барысында екі жақты экономикалық сипаттағы мәселелер қарастырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны