20.10.2010, 15:18 4597

Аргентинада ІІІ Дүниежүзілік ақпарат агенттіктерінің конгресі өтуде

Аргентинаның президенті Кристина Фернандес де Киршнер сейсенбі күні ІІІ Дүниежүзілік Дүниежүзілік ақпарат агенттіктерінің конгресін ашты. Оған дүниежүзінің 76 әлемдік ақпараттық агенттіктердің 166 басшылары мен өкілдері қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 20 - қазан. Kazakhstan Today - Аргентинаның президенті Кристина Фернандес де Киршнер сейсенбі күні ІІІ Дүниежүзілік Дүниежүзілік ақпарат агенттіктерінің конгресін ашты. Оған дүниежүзінің 76 әлемдік ақпараттық агенттіктердің 166 басшылары мен өкілдері қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

К. Фернандес осы шараның маңыздылығын айта келе, осындай өкілетті форумды ашу құрметі өзіне берілгендігі үшін "үлкен жауапкершілікті" сезінетіндігін мәлім етті.

Форумға қатысушылар әлемнің ең алпауыт ақпараттық агенттіктері басшыларының баяндамаларын тыңдап, олардың бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы жетекші рөлдерін сақтауға бағытталған міндеттер мен өзекті мәселелерді талқылайтын болады.

Дүниежүзілік ақпараттық агенттіктердің конгресі 2004 жылы Мәскеу қаласында алғаш рет өткен ақпараттық агенттіктердің отырысы барысында ИТАР-ТАСС агенттігінің бастамасымен құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны