20.02.2008, 19:17 2955

Армениядағы президент сайлауында республиканың қазіргі үкімет басшысы Серж Саркисян көш бастап келеді

Армениядағы президент сайлауында республиканың қазіргі үкімет басшысы Серж Саркисян көш бастап келеді

Ереван. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сайлау бюллетендерінің 99,5 пайызын өңдеу көрсеткіші бойынша Армениядағы президент сайлауында республиканың қазіргі үкімет басшысы Серж Саркисян көш бастап келеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Арменияның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

С. Саркисян үшін сайлаушылардың 55,62% дауыс берген. Екінші орында Левон Тер-Петросян - 21,41%, ал үшіншіде - Артур Багдасарян - 16,63%. 1923 сайлау учаскесінің 1891-ндегі 16 411 672 бюллетень саналған. Ол Армения президентіне дауыс беруге құқылы сайлаушылардың 69,25% құрайды.

Сонымен бірге, 19-ақпанда өткен мемлекет басшысын сайлауда екінші орын алған Арменияның бұрынғы президенті Левон Тер-Петросянның жақтастары жергілікті уақыт бойынша 11 сағатта Ереван орталығындағы алаңға шеруге жиналды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қарсылық акциясына шамамен бір жарым мың адам қатысуда.

Билік қауіпсіздік шараларын қабылдау үстінде. Ереван қаласына кіретін барлық жолдар жабылған. Шеру өткізіліп жатқан жерді милиция және арнайы бөлім қызметкерлері қоршауға алған. Шеру өтіп жатқан алаңның қасында орналасқан Орталық сайлау комиссиясына баратын жолдар жабылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны