07.04.2008, 18:09 3162

Ашгабадта 10 сәуірде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" кездесуі өтеді

Ашгабадта 10 сәуірде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" кездесуі өтеді

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ашгабадта 10 сәуірде сыртқы істер министрлері деңгейінде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" кездесуі өтеді, оған ҚР СІМ Марат Тәжин басқарған Қазақстан делегациясы қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Ол кездесудің күн тәртібінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы "Жаңаша әріптестік стратегиясын" жүзеге асыру, білім беру, сауда және экономика, энергетика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен қазіргі қатерлермен күрес және халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер талқыланады.

Мәселен, Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, "Қазақстан жағы стратегияны жекелеген бағыттарда жүзеге асыру іс-қызметін шоғырландыруды ұсынбақшы". "Нақты жобаларды жүзеге асыру талап етілетін бірінші кезектегі салалар ретінде білім беру, транспорт және қоршаған ортаны қорғау аталады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны