10.04.2009, 18:03 2933

Ашхабад қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Ашхабад қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ашхабад қаласында бүгін ТМД қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған делегация қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуы, ұжымдық қызмет механизмдерін жетілдіру, стратегиялық тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелердің талқылануы жоспарлануда.

Отырыстың қорытындысы бойынша Достастық елдер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға арналған құжаттар қабылданбақ.

Шара барысында Қазақстан сыртқы істер ведомствасы басшысының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны