01.12.2012, 15:13 2991

Ашхабадта 4 желтоқсан күні ТМД мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді

"Кездесу барысында тараптар 5 желтоқсан күні болып өтетін ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына дайындық мәселелерін талқыға салып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар төңірегінде пікіралмасады деп күтілуде", деп ақпараттандырды Омаров брифинг барысында.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ашхабадта 4 желтоқсан күні ТМД мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы жұма күні сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

"Кездесу барысында тараптар 5 желтоқсан күні болып өтетін ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына дайындық мәселелерін талқыға салып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар төңірегінде пікіралмасады деп күтілуде", деп ақпараттандырды Омаров брифинг барысында.

Сонымен қатар, СІМК отырысы аясында "Кеңес халқының Ұлы Отан соғысын Жеңгеніне 70 жылдық мерейтойға дайындық туралы"; 2013-2014 ж.ж. арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басты іс-шаралар Жоспары туралы жобаларды қарастыру мен шешім қабылдау көзделіп отыр. Сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғау, білім беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімдер жобасын келісу жоспарланып отыр.

Осымен қоса, ТМД мемлекеттік және қоғамдық телерадиоұйымдарының Жетекшілері Кеңесінің қызметі туралы есеп тыңдалады.

Отырыс алаңында Ерлан Ыдырысовтың ТМД мүше-мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомство басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны