07.12.2007, 18:59 2539

Астана әкімі Біріккен Араб Имірліктерінің елшісімен кездесті

Астана әкімі Біріккен Араб Имірліктерінің елшісімен кездесті

Астана. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімі Асқар Мамин Біріккен Араб Имірліктерінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Ибрахим Хассан Сайф бен Рабех аль-Алимен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Астана әкімшілігіндегілердің хабарлауынша, «тараптар Қазақстанның астанасы мен Араб Имірліктері аймақтарының арасындағы ынтымақтастық ахуалы мен оны дамытудың келешегін талқылады. Араб дипломатының бұл сапарының негізгі мақсаты Біріккен Араб Имірліктерінің елшілігін салу үшін, Қазақстан Республикасынан жер телімін бөлу болып табылады. Елші, ғимарат құрылысының келісім шартқа қол қойылысымен-ақ басталатындығын атап өтті».

Қала әкімінің бағалауынша, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктерінің арасындағы екі жақты ынтымақтастық серпінді сипатқа ие. Оған «Aldar» компаниясының іс-қызметі куә. Баршаға белгілі, жуықта ғана Астанада 88 қабатты «Абу-Даби Плаза» кешенін салу басталғандығы туралы жария етілген болатын. Дипломат өз кезегінде араб жағының Ақтау айлағы мен Бурабай курортын экономикалық тұрғыдан дамытуға мүдделі екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны