27.04.2010, 12:21 1633

Астана мен Анкара екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыруға ниетті

Астана мен Анкара екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыруға ниетті

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Астана мен Анкара екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыруға ниетті. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Анкара мэрі Мелих Гокчектің кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана мен Анкара инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласын кеңейте отырып, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыруға ниетті.

26 сәуірде достық сапарымен Астанаға келген Мелих Гокчек 29 сәуірде Анкараға қайта ұшады.

Кездесу барысында Қазақстанның елордасының даму барысына баса назар аударылды. Астананы көшіру бүгінде экономикалық серпіні мен саяси тұрақтылығы үндескен жас тәуелсіз мемлекеттің ең ауқымды жобасы болды. Бұл процесті мынадай көрсеткіштермен паш етуге болады: соңғы 11 жылда қаланың аумағы 2,5 есеге ұлғайып, тұрғындар 3 есеге өсіп, 700 мың адамға жетті; жалпы аймақтық өнім 50 есеге артып, 10 млрд астам долларды құрады; өнеркәсіптік өндіріс сегіз есеге 109,3 млн АҚШ долларынан 900 млн АҚШ долларына дейін өсті; ішкі сауда айналымы 30 есеге өсіп, 2008 жылдың қорытындысында 10,5 млрд АҚШ долларын құрады. Ирине, жаһанды шарпыған қаржы дағдарысы бұл көрсеткіштерге әсер етпей қоймады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша 5,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Осылайша, әкімдіктің мәліметінше, Астана мен Түркия арасындағы ішкі сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-ақпан айларында 14,4 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 4,6 млн АҚШ доллары, импорт - 9,8 млн АҚШ доллары. 2009 жылдың ұқсас кезеңінде ішкі сауда айналымы 8,9 млн АҚШ долларын құрады, экспорт - 842,2 мың АҚШ доллары, импорт - 8,1 млн АҚШ доллары. Экспорттың негізгі өнімдері: шикізат, мұнай, металлдан және басқалар. Ал импорт: құрылыс материалдары, химиялық өндіріс өнімдері, тоқыма.

Елордалық статистика басқарамасының мәліметі бойынша, 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында экспорттау-импорттау операцияларымен айналысатын 153 түркиялық және 39 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мелих Гокчек Анкарада, Keчиоренеде 1948 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Газиантепте Гази университетін, Журналистика колледжін бітірген. Парламент тілшісі және газет өкілі болып жұмыс атқарған. 1984-1989 жылдар аралығында Keчиорен мэрі болып қызмет атқарды, 1989-1991 жылдар аралығында Илеуметтік қызмет және балалардың құқын қорғау қауымдастығының бас директоры қызметінде болды. 1991 жылы парламентте Рефах париясынан депутат болды. Алайда бұл оған 1994 жылы сайлауда жеңіп шығып, Анкара қаласының мэрі болуға кедергі болған жоқ. Ол үш рет мэр қызметіне сайланған тұңғыш адам әрі Түркия елордасының тарихына енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны