18.05.2009, 18:29 2647

Астанада 22 мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді (толықтырылған)

Астанада 22 мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді (толықтырылған)

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 22 мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астанада 22 мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, оның барысында 18 құжаттың жобасын қарау жоспарлануда", - деді Е. Ашықбаев.

СІМ өкілінің ақпаратына сәйкес, отырыс күн тәртібінде талқыланатын басты мәселе - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру іс-шараларының жоспары.

Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, сондай-ақ, "21 - 22 мамырда мәжілісте "Қазіргі заманғы Қазақстан және "Еуропаға жол" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны