20.12.2006, 10:56 2711

Астанада 22-желтоқсанда "Отан" партиясының кезектен тыс сьезі өтеді

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 22-желтоқсанда "Отан" партиясының кезектен тыс оныншы сьезі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Партияның басты форумына еліміздің шартарабынан 700 делегат шақырылған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың "Отан" партиясына бірігу жөніндегі шешімі қаралады. Сонымен бірге партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады. Сьезде "Отан" партиясының атауын өзгерту мәселесі де талқыланады деп күтілуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сьезге қатысушылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың біріккен "Отан" партиясының алдына қойған мақсат-міндеттерін талқыға салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны