23.04.2007, 17:00 3335

Астанада 25-сәуірде ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. 23- сәуір. Kazakhstan Today. Астанада 25-сәуірде ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е. Ашықбаевтің айтуынша, сыртқы саясат мекемелері басшыларының кездесуі барысында ТМД аясындағы көпжақты өзара ықпалдастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі өкілінің ақпараттарына сүйенсек, 25 - 26-сәуір аралығында Астанада ТМД елдерінің қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығын жүргізетін органдарының үйлестіруші кеңесі өтеді. Ержан Ашықбаев, ондай органдардың қатарына ішкі істер министрлерінің кеңесі, Қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер басшыларының кеңесі, Бас прокурорлардың үйлестіруші кеңесі, Шекаралық әскер қолбасшылар кеңесі, Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіруші кеңесі, Кеден қызметтері басшылары кеңесінің жататындығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны