04.09.2006, 18:38 3058

Астанада Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары талқыланады

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. 6-7-қыркүйекте Астанада "Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары: заңнама және Қазақстан Республикасындағы құқықты қолдану тәжірибесі" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлағанындай, "дөңгелек үстелді" ҚР СІМ мен "Адам құқықтары үшінгі Хартия" қоғамдық қоры, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығы бірлесе ұйымдастырады.

"Шараның басты мақсаты - пактінің мазмұны мен оны іске асыруға қатысты тәжірибелік мәселелерді мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе талқылауға саяды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны