13.10.2008, 19:14 3167

Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогы сыртқы істер министрлерінің 7-ші кеңесі өтеді

Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогы сыртқы істер министрлерінің 7-ші кеңесі өтеді

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 16 қазанда 30- дан аса Азия елдері делегаттары қатысатын Азиядағы ынтымақтастық диалогы (АЫД) сыртқы істер министрлерінің 7-ші кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Диалог шеңберінде Азия ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелер, нақтырақ айтқанда, энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігі, көлік қатынастары, қаржы және ақпараттық технологиялары дамуы мәселелері қарастырылмақ.

Форум аясында бірқатар министрліктер мен Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің өкілдерінің ұйымдастыруымен транспорт, энергетика, ауыл шаруашылық және қаржы салаларындағы АЫД мен серіктестік тұжырымдамасының тұсаукесері.

Шара жұмысы басталмас бұрын 15 қазанда жоғары лауазымды тұлғалар отырысы өтеді.

АЫД мақсаты - ортақ басымдылықтармен ұлттық экономикалық даму, кедейшілікпен күрес және адам өмірі сапасын жақсарту мүмкіншіліктерін анықтай отырып, өзараәрекеттестіктің барлық салалары бойынша азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Сол сияқты, Диалог Азия аймағының әлемдегі экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сауда және қаржы рыноктарын дамытуды да мақсат тұтуда.

АЫД-ның негізгі мәні - әлем елдерімен нәтижелі қарым-қатынасқа түсе алатын тең құқылы ұйымдасқан қауымдастық ретінде Азия беделін көтеру болып табылады.

Қазақстан 2003 жылдан бастап АЫД мүшесі ретінде Азия құрылығындағы халықаралық институттар және мемлекеттермен екіжақты және көпжақты серіктестік аясын кеңейте отырып, Азия қаржы және сауда рыногына жол ашу арқылы, Қазақстандық іскер топтарына қолайлы жағдай жасауға ұмтылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны