26.05.2008, 18:08 2692

Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ

Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Астанада 30 мамырда халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер жөніндегі мекемеаралық комиссияның алтыншы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"30 мамырда Астанада Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер саласындағы халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындау процессіне шолу жасау және жетілдіру мақсатында ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Дәненовтың төрағалығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер жөніндегі мекемеаралық комиссияның алтыншы отырысы өтеді", - деді Е. Ашықбаев.

"Отырыс барысында мекемеаралық комиссияның бесінші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу қорытындысын шолу нәтижелері мен 2008 жылдың қараша айында Женевада Қазақстанның азаптау мен адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан тыс қатігез қарым-қатынастар мен жазаларға қарсы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру жөніндегі екінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық барысы талқыланады", - деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны