19.04.2010, 18:19 3301

Астанада бүгін Кәрім Мәсімов пен Алмазбек Атамбаевтың кездесуі жоспарланған

Астанада бүгін Кәрім Мәсімов пен Алмазбек Атамбаевтың кездесуі жоспарланған

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі төрайымының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаевтың кездесуі жоспарланған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін Астанада Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі төрайымының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаевтың кездесуі жоспарланған. Онда экономикалық ықпалдастық, Қазақстан тарапынан Қырғызстанға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері талқыланады", - деді А. Ибдірахманов.

Қырғызстанда бүгін болған тәртіптсіздіктерге қатысты оның айтуынша, Қазақстан елшілігі зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар-жоқтығын анықтап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны