28.08.2006, 10:22 2538

Астанада демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға жасаған өтінішін СІМ тарапынан насихаттау барысын талқылайды

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төртінші отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырыс барысында мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға жасаған өтінішін СІМ тарапынан насихаттау және оны ілгерілетуге бағытталған жұмыстарының барысын талқылайды. Осы мәселе бойынша ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы арнаулы өкілі Рахат Илиев сөз сөйлейді.

Сонымен бірге мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен елімізде азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт ережелерінің жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны