25.07.2012, 10:19 2647

Астанада Е.Қазыханов АҚШ ҰҚК Ресей және Еуразия істері жөніндегі аға директоры Э.Уэллсті қабылдады

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуді аша отырып, Е.Қазыханов жақында американдық Колорадо штатының Аврора қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңілін жеткізді.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - 24 шілде күні Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өзінің Орталық Азия елдеріне жасап отырған турнесі аясында Қазақстанға сапармен келген АҚШ Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің Ресей және Еуразия істері жөніндегі аға директоры Элис Уэллсті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуді аша отырып, Е.Қазыханов жақында американдық Колорадо штатының Аврора қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңілін жеткізді.

Кездесу барысында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, соның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі белсендендіру мәселелері талқыға салынды.

Тараптар ҚР және АҚШ Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың Сеулдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммиті алаңында талқыға салған қазіргі сатыдағы Астана мен Вашингтон арасындағы кең-ауқымды ықпалдастық спектрын жүзеге асыру барысын қарастырды.

Қазақстандық сыртқысаяси ведомство басшысы атап өткендей, "Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің әрі қарай нығаюы аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікке өз үлесін қосады".

Ауғандық мәселеге тоқтала келе, Е.Қазыханов әңгімелесуші тарапын еліміздің Ауғанстан экономикасын қайта жандандыруға қосып отырған үлесімен, яғни әлеуметтік нысандарды салу мен ауғандық студенттерді Қазақстанда оқытуға бағытталған бастамалармен таныстырды.

Өз кезегінде Э.Уэллс Қазақстанның ядролық таратпау режимін нығайту саласындағы көшбасшы екенін атай отырып, біздің еліміздің Орталық Азия өңіріндегі интеграциялық процесстердің қалыптасуындағы ерекше ролін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны