28.08.2012, 21:03 2670

Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы өкілі мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кездесті - баспасөз баяны

"Кездесу барысында жақтар, Нидерланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасында омбудсмен институттарының жұмыс істеулері жалпы мәселелері талқыланып, екі елдің құқық қорғаушы қызметінің тәжірибелерімен алмасылды",- дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы өкілі, Нидерланд Парламентінің депутаты Джошкун Чөрүзбен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің кездесуі өтті.

"Кездесу барысында жақтар, Нидерланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасында омбудсмен институттарының жұмыс істеулері жалпы мәселелері талқыланып, екі елдің құқық қорғаушы қызметінің тәжірибелерімен алмасылды",- дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

А. Шәкіров, ұлттық құқық қорғаушы институты қызметінің ең маңызды нысандарын бажайлап түсіндіріп, қонақты мекеменің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде Еуродепутат, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттестік мәселелерін қозғап, бұл үдерісте медиатор ретінде орындалатын ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің рөлін құрметпен бағалады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны