12.09.2007, 17:24 2803

Астанада Есеп комитеті мен Ұлыбританияның Ұлттық аудит жөніндегі кеңсесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астанада Есеп комитеті мен Ұлыбританияның Ұлттық аудит жөніндегі кеңсесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Астанада Есеп комитеті мен Ұлыбританияның Ұлттық аудит жөніндегі кеңсесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстан жағынан келісімге Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Ұлыбритания жағынан Ұлыбританияның Бас аудиторы әрі бақылаушысы Джон Борн қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл келісімде екі ел арасында өзара ақыл-кеңес беру, әдістемелік көмектер көрсету, іс-қызметіміздің тиімділігіне аудиторлық тексеру жүргізу, сондай-ақ, бізге жүктелген заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастырумен, сыбайлас жемқорлықпен және парақорлықпен күресу секілді аса маңызды функциялық міндеттемізді жүзеге асыру тиімділігіне аудиторлық тексеру жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған", - деді О. Өксікбаев.

Тараптар кәсіби маман дайындау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде өзара бірлесе жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Аталмыш құжатта Есеп комитеті мен Ұлыбританияның Ұлттық аудит офисі мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулерді ұйымдастырып, өткізеді делінген.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі таратқан келісімнің мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "екі жақ мемлектетік қаржылық бақылауға қатысы бар ұлттық заңнамалық актілермен, кәсіби ақпаратпен және әдістемелермен алмасады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны