02.07.2007, 16:13 2813

Астанада ЕурАзЭҚ аясында кедендік одақты қалыптастыру мәселесі талқыланады

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Астанада 6-шілдеде ЕурАзЭҚ аясында кедендік одақ қалыптастыру мәселесі бойынша Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ЕурАзЭҚ Ықпалдастық комитетіндегі мүшелерінің кезекті кеңесі өтеді. Кеңестің барысында Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет басшыларының 2006 жылғы 16 тамыздағы шешімдерін орындау мәселесін, соның ішінде кедендік одақты қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеу жайын талқылайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны