18.04.2007, 12:33 3280

Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысы өтуде

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кездесуге Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков, Беларусь вице-премьері Андрей Кобяков, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Өзбекстан үкімет басшысы Рустам Азимов пен Қырғызстан үкімет басшысы Алмазбек Атамбаев қатысып отыр.

"Қоғамдастық аясындағы интеграциялық деңгейімізді көтеру біздің елдеріміздегі экономикалық өсім қарқынына оңды әсер ете отырып, нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге де ықпалын тигізбек. Біздің алға қойған мақсаттарымызды шешуге бүгін біздің өз жұмыстарымыз барысында қабылдайтын шешімдер де септігін тигізеді дегенге сенемін",- деді М.Фрадков өз сөзінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кездесу барысында тараптар мемлекетаралық кеңестің 2006-жылдың 16-тамызындағы мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімдердің кедендік одақты құруға қатысты құруға қатысты құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлігі мен ЕурАзЭҚ аясындағы көп жақты өзекті ынтымақтастыққа қатысты басқа да шешімдерді жүзеге асыру жайын талқыламақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны