Астанада Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінің қауіпсіздік жөніндегі үшінші форумы өтеді
Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Астанада 24-25- маусымда Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінің қауіпсіздік жөніндегі үшінші форумы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.
Оның айтуынша, форумды Қазақстанда өткізу туралы бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтеріп, оны Солтүстікатлантикалық кеңес қолдаған.
"Серіктестік арқылы қауіпсіздік тақырыбын арқау еткен форум өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді ашық әрі еркін талқылауға арналған алаң болып табылады", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, Астанада өтетін форумда Орталық Азия және Кавказ аймағындағы қауіпсіздік, Ауғанстандағы ахуал, энергетикалық қауіпсіздік проблемалары талқыланады.
Бұл жолғы форум алғаш рет ТМД кеңістігінде және алғаш рет Азия құрлығында өткізілгелі отыр, ол Қазақстанда 2009 жылы өткізілетін ең ірі халықаралық іс-шараның бірі болмақ, деді Е.Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.