16.10.2007, 13:24 1376

Астанада Еуропалық Одақ - Қазақстан кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде

Астанада Еуропалық Одақ - Қазақстан кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде.

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада заңдылық және құқық пен тәртіп жөніндегі "Еуропалық Одақ - Қазақстан" кіші комитетінің алтыншы отырысы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Отырыс аясында лаңкестікке, адам саудасына, заңсыз көші-қонға қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланады.

"Жалпыға ортақ қауіп-қатерлерге, соның ішінде көші-қон, халықаралық қылмыс, заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру салаларында күш біріктіру қажет", - деді кіші комитеттің тең төрағасы, Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Андриан ван дер Меер. "Осы мәселелер бойынша өзара қарым-қаныасқа артықша серпін беруді қалар едік", - деді ол.

Келіссөздер барысында бұған қоса Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі стратегиясының жүзеге асырылу барысы, соның ішінде оның заңдылық, құқық пен тәртіпке қатысты қырлары, сондай-ақ, Еуропалық Одақтың есірткі саудасымен күрес бағдарламасы мен шекараны басқару бастамасын ілгерілету мәселелері талқыланады. "Біз үшін шекараны интеграциялық басқару, бірінші кезекте, сауда-саттыққа бір уақытта қолдау көрсете отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді білдіреді"", - деді А. ван дер Меер.

Өз кезегінде Қазақстан жағы сот жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, заңдылықты сақтау, құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру саласында жасалған қадамдар жөніндегі жан-жақты шолуды таныстырды.

Заңдылық және құқық пен тәртіп жөніндегі "Еуропалық Одақ - Қазақстан" кіші комитеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2002 жылы құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны