02.10.2007, 15:19 2912

Астанада Еуропарламенттің Орталық Азия бойынша жаңа баяндамашысының ресми сапары басталды

Астанада Еуропарламенттің Орталық Азия бойынша жаңа баяндамашысының ресми сапары басталды


Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанада Еуропалық парламенттің Орталық Азия бойынша жаңа баяндамашысының бірінші ресми сапары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілеттілігінің баспасөз және ақпарат бөліміне сілтеме жасай отырып.

"Сапар аясында Д. Оздемир Қазақстан мен Қырғызстанның басты министрліктері мен негізгі саяси күштерінің өкілдерімен, сондай-ақ үкіметтік емес секторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездеседі",- деп хабарлады баспасөз бөлімінен. Олар сондай-ақ, сапардың Алматыда жалғасатындығын хабарлады. Д. Оздемир одан кейін Қырғызстанға жол тартады.

Бапасөз бөліміндегілердің хабарлауынша, "Еуропалық парламент жуықта қабылдаған Еуропарламенттің Орталық Азия бойынша Стратегиясының аясында айқын көрініс тапқан Орталық Азияға деген мүдденің өсін қолдайды". "Еуропалық одақ прогресс пен тұрақтылықты нығайтуға, сонымен қатар Орталық Азияның одан әрі экономикалық дамуына қызығушылық танытатындығы сөзсіз",- деді Д. Оздемир. Бұл туралы баспасөз бөлімінің сейсенбіде таратқан хабарламасында айтылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша стратегиясы Еуропалық кеңестің үстіміздегі жылдың 21 - 22 маусымында Брюсселде өткен отырысы барысында бекітілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны