08.12.2012, 10:47 9266

Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтуде

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишань төрағалық етуде.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишань төрағалық етуде.

Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауда.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің құрамына 10 кіші комитет және Трансшекаралық өзендерін пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы кіреді.

Кезекті отырыстың қорытындысы бойынша Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті VI отырысының қорытынды Хаттамасына қол қойылады.

Тараптар Комитеттің келесі VII отырысын Бейжіңде өткізу туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны