22.02.2010, 15:25 3320

Астанада Қанат Саудабаев пен Сергей Лавровтың кездесуі өтті

"Біз бүгін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы 2009 жылы атқарылған істерді, барлық жасалған уағдаластықтардың атқарылуы мен жүзеге асырылу жайын қорытындыладық. Өткен жылдың қорытындысы біздің сенімімізді нығайта түседі. Біз 2010 жыл да Қазақстан мен Ресей қатынастарын нығайту мен дамытуға бағытталған маңызды кезең болады деп сенеміз",- деді Қ.Саудабаев кездесу қорытындысы бойынша.

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сапары Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын стратегиялық серіктестіктің дәлелі ", - деді Қ. Саудабаев.

Оның айтуынша, "біздің елдеріміздің басшыларының өзара жиі кездесулері, олардың түсіністігі мен ынтымақтастығы көптеген бағыттар бойынша бізге айрықша жауапкершілік жүктейді". Қ. Саудабаев атап көрсеткендей, "Қазақстан бұл арақатынастың келешекке бағдар ұстауынан мүдделі".

"Біз бүгін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы 2009 жылы атқарылған істерді, барлық жасалған уағдаластықтардың атқарылуы мен жүзеге асырылу жайын қорытындыладық. Өткен жылдың қорытындысы біздің сенімімізді нығайта түседі. Біз 2010 жыл да Қазақстан мен Ресей қатынастарын нығайту мен дамытуға бағытталған маңызды кезең болады деп сенеміз",- деді Қ.Саудабаев кездесу қорытындысы бойынша.

"Мен бүгін, РФ сыртқы істер министрінің Қазақстанға арнаулы сапары аясында бүгін өткен өзара сенім мен жолдастыққа негізделген, өнімді диалогтың нәтижесіне қанағаттанамын. Біз екі ел президенттерінің қарқынды кездесулерінен туындайтын және әрбіреуі нақты бір іспен аяқталатын уағдаластықтарына қатысты мәселелерді толық талқыладық", - деді С. Лавров.

Оның айтуынша, бүгін "Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқаратын, ал Ресей ТМД-ға төрағалық ететін жылы халықаралық сахнада болатын ықпалдастықтар мен екі жақты қарым-қатынастарға байланысы бар барлық мәселелер кешені" талқыланды.

"Біз Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына қатысты барлық жоспарларын толық қолдаймыз. Біз биыл жүзеге асырылады деп қабылданған барлық іс-шараларды жан-жақты талқыладық. Біз бұл құрылымды реформалау жолында биылғы жыл ілгерілеушілікпен аяқталуына және оны қауіпсіздіктің барлық қыр-сырлары бойынша жалпылама көзқарасты қамтамасыз ететін толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға қатысты қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі тұрғысынан ортақ пікірдеміз", - деді С. Лавров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны