05.09.2012, 19:33 3079

Астанада Қазақстан - Австрия үкіметаралық комиссиясының V отырысы өтті

Бүгін Астанада өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Австрия үкіметаралық комиссиясының V отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша арнайы хаттамаға қол қойылды.

Бүгін Астанада өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Австрия үкіметаралық комиссиясының V отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша арнайы хаттамаға қол қойылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа істері жөніндегі департаменттің директоры Еркін Ақынжановтың айтуынша, аталған құжатта комиссия отырысы барысында айтылған негізгі мәселелер қамтылған. Оның ішінде сауда, экономика, туризм, энергетика және тағы басқа бірқатар салалар бойынша өзара әріптестік байланыстарды дамыту көзделген. "Отырыс барысында біз Қазақстанның "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндігін көрсеттік. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қазан айында Австрияға жасайтын сапарын жан-жақты пысықтап шықтық", - дейді Е,Ақынжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны