25.09.2008, 15:15 2977

Астанада Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтуде

Астанада Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтуде

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан жағын төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, беларусь жағын - үкімет басшысының орынбасары Иван Бамбиза басқаруда.

Отырыс барысында еліміздің төтенше жағдайлар министрі атап өткеніндей, "екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара сенімділік пен түсіністік жағдайында дамып келеді". "Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасы түрлі саладағы 60-тан астам келісімдер мен шарттардан тұрады, екі жақты уағдаластықтың орындалуына жасалған талдау өткен кезеңде қарқынды өсіп келеді", - деді ол.

"Қазақстанда "МТЗ", "МАЗ", "БелАЗ", "БелавтоМАЗ" автотехникасына сервистік қызмет көрсету және сату орталықтары мен өкілдіктерін құру жұмыстары жалғасын табуда. Бұған тұрақты өкізіліп келе жатқан өзара сапарлар мен жоғары деңгейдегі кездесулер де өз септігін тигізуде", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, өзара тауар айналымының өсімі $525,1 млн, ал Қазақстан экспорты 2007 жылы $129,2 млн болды. Қазақстанға әкеліген Беларусь өнімдерінің импортының көлемі 2007 жылы $395,9 млн жетті.

Бүгін түстен кейін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Беларусь үкімет басшысының орынбасары Иван Бамбизаның кездесуі өтеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны