17.06.2009, 12:30 1351

Астанада Қазақстан мен Бразилия мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер басталды

Астанада Қазақстан мен Бразилия мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер басталды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның келіссөздері басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Келіссөздер барысында сауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралады. Қазақстан мен Бразилияның тауар айналымының көлемі 2008 жылы екі есеге артып, 275 миллион АҚШ долларын құрады. Оның 26 миллионнан астамы - экспортты, ал 250 миллион долларға жуығы импортты құрайды.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы іскерлік байланысты қарқындандыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұған қоса Қазақстанда шетелдік инвесторларға қажетті барлық жағдайлардың жасалғанын атап өтті.

Қазақстан мен Бразилия қарым-қатынасында болашағы бар бар бағыттар ретінде энергетика, ауыл шаруашылығы, машина құрылысы, металлургия, авиация, ғарыштық зерттеулер, туризм және спорт салалары саналады.

Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар 1993 жылы 22-қыркүйекте ораған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны