19.10.2007, 17:18 3212

Астанада Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың біріккен жоспары ұсынылды

Астанада Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың біріккен жоспары ұсынылды.

Астана. қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың біріккен жоспары ұсынылды, қорытынды тұсаукесер Брюссельде 18-желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Еуропалық Одақ Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан аталмыш аймақтың маңыздылығы мен осы аймақтағы Қазақстан атқарып отырған көшбасшылық рөлінің ерекшелегін сезінді",- деді баспасөз мәслихатында Еуроодақтың саясат және экономикалық бөлім басшысы, бірінші кеңесші Режин Руа. Ол сондай-ақ, Еуропалық Одақтың да, Еуроодаққа мүше елдердің "Қазақстан сияқты елдермен жақын қатынас орнату ЕО үшін маңызды болып табылатындығын" атап өтті.

Бөлім бастығы, үстіміздегі жылдың маусымында Еуроодақ елдерінің үкіметтері мен мемлекет басшыларының кеңесі Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық пен келісім жөніндегі стратегия бекітілгендігін, еске сала кетті. "Сөйтіп, енді Қазақстан мен Еуродақта негізгі екі құжат бар - бұл Стратегия және Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім",- деп атап өтті ол.

Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге екі жақ 1995 жылы қол қойып, 1999 жылы алғашқы онжылдық кезеңінде күшіне енгендігі белгілі.

"Соңғы екі жыл ішінде бұл жобаны толық жүзеге асыруды жеделдету қажет",- деп атап көрсетті Р. Руа. Атап айтқанда, баспасөз қызметінде атап өткендей, Қазақстан мен ЕО осы біріккен жұмыс комиссиясы үшін Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жоспары мен Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімне нұсқаулық әзірленген. "Жоспар мүдделі тарапқа Қазақстан мен Еуроодақтың Келісім аясында мойындарына алған міндеттердің пайдалануда айқын және ыңғайлы шолуын, сондай-ақ аталмыш міндеттерді атқару үшін қажетті іс-әрекеттер тізімін ұсынады", деп айтылған баспасөз баянында.

"Бірлескен жоспар бізге неге қол жеткізу керектігін нақты көрсетіп отыр және де Қазақстан ЕО-мен тығыз ынтымақтастық орнатуға тиіс",- деді бөлім бастығы.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркін Ахинжанов өз кезегінде: "Біз Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің нақты ережелеріне бағытталған жоспар құрылымы оны атқару процессіндегі ынтымақтастықтың әлеуеттілігін тек қана саясат, экономика және энергетикалық келіссөздер, көлік, инвестициямен сауда, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымын кіруін қолдау сияқты дәстүрлі белсенді бағыттарда ғана емес, өкінішке орай біздің назарымыздан тыс қалған білім, кәсіби дайындық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, ауылшаруашылығы, ғарышты зерттеу, туризм, мәдениет және әлеуметтік салалар сияқты салаларда жа толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді" деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны