18.06.2007, 16:36 2523

Астанада Қазақстан мен Итальяның өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасулар жөніндегі үкіметаралық тобының төртінші отырысы өтеді

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Астанада 20-маусымда Қазақстан мен Итальяның өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасулар жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының төртінші отырысы өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады. Дипломаттың хабарлауынша, отырыс Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары-экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусиннің төрағалығымен өтеді. Италья жағының тең төрағасы Италья Республикасының халықаралық сауда министрінің орынбасары Милош Будин болып табылады.

"Үкіметаралық жұмыс тобы аясында Қазақстан мен Италья арасындағы екіжақты сауда-экономикалық, энергетикалық және транспорттық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады",- деп түсіндірді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны