10.05.2007, 14:31 2620

Астанада Қазақстан мен Ресей президентінің кездесуі өтуде

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен кеше елімізге ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Алдымен екі мемлекет басшысы бетпе-бет жеке жүздесті, ал қазір екі ел өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілуде.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екі жақты құжаттарға қол қояды. Атап айтсақ, уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы және сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімдерге қол қою көзделген.

Бұдан кейін екі мемлекет басшысы Бейбітшілік пен келісім сарайына барып, Елордасын дамыту жоспарымен танысады. Бүгін сондай-ақ Н.Назарбаев пен В.Путин Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

Кешке Қазақстан Республикасы президентінің атынан Ресей Федерациясы президентінің құрметіне қонақасы беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны